• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Руханият 31 Шілде, 2019

Талантты жазушыға талқан үккен диірмен тасы

384 рет
көрсетілді

Белгілі жазушы Зейнолла Шүкіровтің бала кезінде түйеден құлаған сәттегі жарақаттан алған мүгедектіктен ұзақ жыл төсек тартып жатқанын білеміз. Сөйте тұра қайсар қаламгер ештеңеге мойымай роман, повестер, әңгімелер жазған. Сондай қиын кезде оған сеп болған бұйымға куә болғанымыз бар. Әңгіме түсінікті болу үшін басынан бастайық.

Осы биыл ерте көктемде танысымыздың үйіне алыс Қызылордадан Алматыға келген Үрзия Сағындыққызы апайымыз диірмен тасын ортаға алып, сол кезеңнің қиын тынысын әңгімеледі. Айтуынша, жазушының анасы Науат апамыз бір уыс қара тарыны мына қол диірменнің өңешіне салып, ақтап алатын көрінеді. «Аналарымыздың бірі келі түйіп, енді бірі қара қазан маңайында абыр-сабыр аш құрсақ тірлігіміз кейін сол Зейнолла ағамыздың «Сыр бойы» эпопеясында көзге жас әкелетін сағынышқа толы сәттер еді. Соғыс балаларының өмірін көрсете алды ма?

Жарықтық аналарымыздың жандарын шүберекке түйген сұрапыл кездегі қиын-қыстау кезеңдерін айта алдық па, деп жүрегі қарс айырылады. Сондағы Зейнолла ағамызға талғажау етуге мүмкіндік берген қол диірменнің бір бөлігі ғой. Ей, жарық­тық заман-ай, ертеңгі ұрпақ соны түсінсе ғой», деп еді сонда. Ел басына күн туған сұрапыл кезең­нің бір дерегі дерсіз. Аналарымыз бір кезде тарих үшін сол тастарды да тастамай көтеріп жүрді-ау... Шүкір дейік...

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ