Жұма, 4 қаңтар 2013 7:41
Ұлы мұраттарға бастаған ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясында алдағы 38 жылда атқаратын іс-жоспар нақты белгіленген. Жолдаудағы әр этнос өз тілін, мәдениеті мен дәстүрін жалғастыра беруі тиіс. Оған ешкім тосқауыл қоя алмайды деген сөзде көп мән бар. Сондай-ақ, Жолдаудағы дағдарысқа қарсы тойтарыс беру, экономиканы арттыру үшін кәсіпорындардың ізденіс пен ілкімділік танытуы, шикізат бағасының құлдырауы кезінде барынша үнеммен жұмыс істеу жайлы айтылған сөздер маңызды әрі мәнді.
Жұма, 4 қаңтар 2013 7:41
Ұлы мұраттарға бастаған ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясында алдағы 38 жылда атқаратын іс-жоспар нақты белгіленген. Жолдаудағы әр этнос өз тілін, мәдениеті мен дәстүрін жалғастыра беруі тиіс. Оған ешкім тосқауыл қоя алмайды деген сөзде көп мән бар. Сондай-ақ, Жолдаудағы дағдарысқа қарсы тойтарыс беру, экономиканы арттыру үшін кәсіпорындардың ізденіс пен ілкімділік танытуы, шикізат бағасының құлдырауы кезінде барынша үнеммен жұмыс істеу жайлы айтылған сөздер маңызды әрі мәнді.
Енді өз жұмысымыз жайлы бірер сөз.Әлемнің қай елінде болсын, егемендікке қол жеткізгеннен кейін жоқтайтын, түгендейтін ұлттық құндылықтарының болуы заңды үрдіс. Осы тарихи тағылымның бастауында азаматтық қоғам институттары өкілдерінің зиялы қауымы тұрады. Осындай зиялы топ 2000 жылдың басында Шығыс Қазақстан облысында құрылды. Біздің алдымызда кешегі кеңестік санадан арылу, егемен еліміздің алдыңғы парызы мен қарызын өтерлік шығыс өңірінде перзенттер тәрбиелеу, мемлекеттік тілге осқырына қараған ортаның назарына жол табу міндеттері тұрды. Өскемен қаласындағы ұлтжанды азаматтар «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің негізін қалады. Жылдар өте келе оның құрамына облыстың жоғары оқу орындары ғалымдары, облыстық ақсақалдар алқасы кеңесінің мүшелері, мемлекеттік тіл жанашырлары біріктіріліп, қоғамдық негізде жұмыс атқарып келді. Қазір қоғамдық бірлестік мүшелерінің саны 127 адамға жетті. Олар соңғы он жыл бойы шығыс өңірі халқының бірлігі мен келісімі, ұлтымыздың тілін, мәдениеті мен салт дәстүрін дамыту мен қалыптастыруға белсене қатысып келеді.
«Алтын арқау» ҚБ бастамашы болып, облыстық Достық үйі этномәдени өкілдері арасында қазақ халқының үш бәйтерегі –Төле би, Қазбек би, Әйтеке би даналығын ұлттық тәрбие тағылымына, ұлтаралық келісім мен бірліктің насихаттау өзегіне айналдырып келеді. Сөйтіп, қалалық, аудандық, облыстық сахналарда үш бәйтерек келбеті этноұлт өкілдері ұйымдастырған шаралардағы аталы сөзге, ұлттық мазмұнға жол ашты.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1937-1938 жылдары жазықсыз жазаланған 4000-нан астам жерлестеріміздің деректері жинақталған «Азалы кітап» бірлестіктің бастамасымен мемлекеттік тілде жарық көрді.
2000 жылдан бастап «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігі 40-тан астам облыс мектептері мен елді мекендерінің тарихи атын қайтару құжаттарын жасауға қатысты, зерттеді. Облыста жаңа атауға ие болған «Атығай асуы», «Айыртау» ауылы, «Райымбек Марсеков» атына мектеп беру, Өскемен қаласында Қасым Қайсеновке ескерткіш орнату, тағы басқа келелі ұсыныстар –«Алтын арқау» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің бастамасы. Алдағы уақытта Таврия, Глубокое Шемонайха, елді мекендерінің тарихи атауларын зерттеу шаралары ойластырылып отыр.
Елбасы халыққа өзінің кезекті Жолдауын арнаған кезеңге де келіп жеттік. Билік пен халықтың осындай жақын ынтымақты кезінде мемлекет құраушы ұлттың ойдағы ынталы сөзін айтудың реті келіп тұр. Енді осы уақытқа дейінгі кем-кетік істерімізді түгендеп алуға, жіберілген олқылықтардың орнын толтыруға жол ашылмақтығы анық. Қазақ халқының өзегі болып табылатын ауыл өміріне байланысты қолға алынатын шаралар бәріміздің еңсемізді көтеріп, ойымызға серпіліс бергендей.
Мемлекеттік тіл саясатының мәртебесі ұлттық санаға жаңа леп береді деген ойдамыз. Осы үрдіспен оның үстемдігіне үлес қосу міндеті алдымызда тұр. Билік мемлекеттік органдар, халық қалаулылары – депутаттар бұл істе бастамашыл болады, оған азаматтық қоғам институттарының өкілдері ықпал етеді деген үміт зор.
Шығыс Қазақстан облысының халқы Елбасы Жолдауына назар тігіп отыр. Өйткені, оның мақсаты – тәуелсіз еліміздің болашағын кемелді ете түсу. «Алтын арқау» ҚБ мүшелері Елбасы саясатының болашағына толық сенеді. Оған үлес қосуды азаматтық, перзенттік парызымыз деп білеміз.
Сағынбек АҚАНОВ,
«Алтын арқау» қоғамдық
бірлестігінің директоры.
ӨСКЕМЕН.