Қызылорда облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтап, сапасын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерімен «Жасырын сатып алушы» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Сондықтан, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Жасырын сатып алушы» тәсілімен қоғамдық бақылау жүргізу іс-шаралар жоспары бекітілген.
Департаменттің бас маманы Әлия Ысқақова жоспарға сәйкес 2019 жылдың 6 айында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, барлығы 120 рет инспекциялау мен бақылау жұмыстары жүргізілгенін айтады. Соның нәтижесінде 28 мекемеде анықталған 55 кемшілік бойынша ұсынымдар берілді.