• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Шілде, 2019

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізіледі

321 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жұмыс тобы 8 адамнан құралады: оның екеуі – мемлекеттік органның өкілдері, алтауы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері.

Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже талаптарына сәйкес (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген) өткізіледі.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты қосымша құжаттармен бірге 2019 жылдың 13 тамызына дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс, Министрліктің кеңсесінде жүргізіледі немесе d.abueva@economy.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберуді сұраймыз. 

Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-92-00, 74-31-49, 8-777-770-69-25.