• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2013

Болашақ ұстаздың тұлғасы білім ордасында қалыптасады

486 рет
көрсетілді

Болашақ ұстаздың тұлғасы білім ордасында қалыптасады

Бейсенбі, 17 қаңтар 2013 7:37

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру мен ғылымға да ай­рық­ша көңіл бөліп, алда атқа­ры­лар жұмыстарды жүйелеп берді. Елбасы айтты, ал оны жастарға жеткізу, елді үлкен мақсаттан туған істерге бағыттауға үлес қосу ортақ шаруа болмақ.

 

Бейсенбі, 17 қаңтар 2013 7:37

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру мен ғылымға да ай­рық­ша көңіл бөліп, алда атқа­ры­лар жұмыстарды жүйелеп берді. Елбасы айтты, ал оны жастарға жеткізу, елді үлкен мақсаттан туған істерге бағыттауға үлес қосу ортақ шаруа болмақ.

Елбасының елімізде білім беру саласын дамыту туралы кө­тер­ген мәселелері мен берген тапсырмаларын жүзеге асыру жұ­мыс­тарына орай педагогика инс­титуттарына жүктелер шаруа аз емес. Себебі, білім бұлағы – мектеп үшін білікті мұғалімдер мен мамандарды негізінен педагогика институты даярлайды. Тәрбие не­гізі қаланатын мектепке дейін­гі мекемелерді мамандармен педагогика институттары толық қам­тамасыз етеді. Біздің Қос­та­най мемлекеттік педагогикалық институтында студенттерге білім беру сапасын барынша арттыру ісіне шетелдік оқу орындарымен жүргізіп отырған ықпалдастық жұмыстары өз көмегін тигізуде. Қазақта «үйрен, үйрен де жирен» деген ұғым бар. Министрліктің Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ережесіне сай дүниежүзінің жиырмаға жуық жоғары оқу орындарымен іскер­лік байланыс орнатып отырмыз. Ресей мен Францияның, Канада, АҚШ пен Түркияның жоғары оқу орындарымен байланыс ны­ғайып келеді. Олардың бірінен біз болашақ ұстаз дайындаудың жаңа технологиясын алсақ, енді бірінен өз шәкірттеріміздің жұ­мы­сын дұрыс бағалаудың тәсіл­де­рін үйренеміз. Алты жылдан бері институтта Француз мә­дени орталығы жұмыс істейді. Осы орталық арқылы білім ордасына француздың тіл мамандары, су­­­­ретші, композиторлары секілді өнер адамдары жиі келеді. Бұл студенттердің ой-өрісін, білім көкжиегін кеңейте түседі. Француз тіліне маманданып жүрген студенттерге тілдік ортада болуы үшін жазғы каникулын Францияда өткізуге мүмкіндік жасалады. Француздармен біздің ғылыми байланысымызды нығайтуға Фран­цияның Қазақстандағы ел­шісі Жан Шарль Бертонэ мырза оң ықпал етуде. 2012 жылдың 30 наурызында Франция елшісі біз­дің институтымызда болып, студенттермен, ұстаздар ұжымы­мен кездесу өткізді.

Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары мен ғалымдары да тілдік ортамен тығыз байланыста жұмыс істеуге мән береді. Төрт жылдан бері АҚШ-тағы Бейбіт­шілік корпусының волонтер­ле­рі­мен бірге жүргізген жұмыстар­дың нәтижесі айтарлықтай.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында уақыт талабының ерекше екен­дігін ескертті. Әлемдегі ал­дың­ғы қатарлы лекке ілесу үшін жалпы білім алып қана қою аз­дық етеді. Сондықтан да Нұрсұл­тан Әбішұлы: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жет­кіліксіз болып қалғалы қа­шан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балала­ры­мыздың, жалпы барлық жет­кін­шек ұрпақтың функционал­дық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», деп атап көр­сетті. Қазіргі заман талабының бірі – жас ұрпақтың барынша көп тіл білуі. Тілдерді меңгерген сайын өмірдің қай саласында болса да жас буынның өрісі кеңейеді. Президент сол үшін де үш тұ­ғыр­лы тілді міндеттеп отыр. Бұл күн­­де балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер тақпақты қазақ, орыс және ағылшын ті­л­дер­інде мүдірмей жатқа айтады. Қай тілде білім беретін мектеп болса да үш тіл қатар жүргізіледі. Өзге ұлт өкілдерінің балалары мем­ле­кет­тік тілді меңгеруге тыры­сады, оның сыртында барлық оқу­шы­лардың ағылшын тілін мең­геруге деген ықыласы да күшті.

Студенттердің білімі мен ой-өрісін дамыту, іс-тәжірибесін мо­лайтуға арналған шаралар педагогика, денешынықтыру және спорт кафедраларында да кең көлемде қолға алынған. Бұл салада олар Ресейдің мемлекеттік гу­ма­нитарлық университеті, Ре­сей­дің Білім академиясы Урал бө­лім­шесінің ғылыми білім беру ор­та­лығымен бірлесе жұмыс істеуде.

Білікті, жан-жақты дамыған, жас ұрпаққа білім беру ісіне бү­гінгі күн талабы тұрғысынан қа­рай алатын мамандар дайындау еліміздің даму талабы болып отыр. Студенттердің оқу бағдар­ламасымен шектелмей, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейімделуі болашақ маманды дамытып қана қоймай, оның кәсіби білігін көте­руде жақсы тәжірибе болып табылады. Осы бағытта биология ғылымдарының докторы Татьяна Брагинаның бастамасымен Наурызым мемлекеттік табиғи қоры­ғы­ның базасында Қазақстанның солтүстік өңірінің биологиялық саналуандығын зерттеу, Ресей Ғылым академиясы Урал бөлім­шесі, сондай-ақ, осы академия­ның Урал ботаникалық бағымен бірлесе отырып, Қостанай мем­ле­кетттік педагогикалық институты ғалымдары мен студенттері жинаған гербарийін әлемдік ті­зімге енгізу жөнінде жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде.

Ағылшын тілі кафедрасының ұжымы Ресейдің Нижневартов мем­лекеттік гуманитарлық уни­верситетімен бірлесіп, «Инновациядан күнделікті тәжірибеге» атты жобаны жүзеге асыруда. Бұл жоба бойынша біздің ға­лым­дар мен студенттер шет тілін оқытудың инновациялық технологиясын Қостанай қаласы мен Қостанай ауданында тіл үйре­ну­дің тәжірибесіне кеңінен енгізуді бастады. Ал педагогика кафедрасында «Шексіз үйрену» қазіргі заманғы педагогика орталығы­мен (Канада), Ресейдің Новосибирь, Челябі, Омбы мемлекеттік педагогикалық, Мәскеу мемле­кет­тік гуманитарлық универси­теттерімен бірлесіп, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі өзекті жобаларды жүзеге асырады. Мұның барлығына да студенттер белсене қатысады.

Біздің бүгінгі студенттеріміз – ертеңгі білікті мұғалімдер. Қазір мектептердің барлығы да ком­­пью­терлендірілген, интерактивті тақта да екінің бірінен табылады. Білім ошақтарының материал­дық-техникалық базасы нығай­ған. Бірақ кемеңгер ағартушы Ыбы­рай Алтынсарин айтқандай, «мектептің жүрегі – мұғалім». Мұғалім біліктілігін, оның балаға берер білімі мен жылуын ешқан­дай да компьютер алмастыра алмайды. Оның үстіне қазір ауыл­шаруашылығындағы өзгеріс­тер­ге, ішкі көші-қон қозғалысына байланысты ауылдағы мектептерде бала саны азайып кетті. Қостанай облысында шағын жи­нақты мектептердің саны 451, яғни барлық жалпы білім беретін мекемелердің 77,5 пайызын құ­рап отыр. Мұның өзі мұғалімдер­ге өз мамандығының сыртында тағы бір мамандықты меңгеруге, үш тұғырлы тіл межесінен шыға білуге мәжбүр етеді. Жалпы, ауыл мектептері мұғалімдерінің бі­ліктілігін арттыру, олардың қыз­меттен қол үзбей жүріп білім алу­ды сырттай оқу бөлімінде жал­ғастыруын қамтамасыз ету үшін біздің институтта «Е-lear­ning» электрондық оқытуды ти­ім­ді ұйым­дастыру мақсатында on-line режімінде әртүрлі пәндер бойынша бейнеконференциялар, әдісте­мелік семинарлар өткізі­леді. 2012 жылдың 1 қыркүйе­гі­нен сырттай оқыту бөлімінде қа­шықтықтан оқыту технологиялары енгізіліп, «Қашықтықтан оқы­ту орталығы» құрылды, эле­к­трон­ды журнал, институттың ақ­параттық порталы белсенді жұ­мыс істейді.

Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақ­станның әлеуметтік жаңғырты­луы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қо­ғамына қарай 20 қадам» атты ма­қаласында «Оқу-тәрбие үдерісі­нің тарихи білім сынды маңызды ісі жеке тұлғаның, азамат пен пат­риоттың қалыптасуы міндет­те­рін шешуге атымен бейімдел­мегендігін» атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге, «оқушы­лар­ға қазірдің өзінде қажетті инно­вациялық курстар жоқ. Мысалы, өте көкейкесті болып табылатын «Қазақстан құқығы» (оның болмауы жастардың құқықтық ниги­лизмі мен сауатсыздығына соқ­ты­рады), «Өлкетану» (туған жерге махаббат отаншылдықтың не­гі­зі ғой), жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды «Акмеология» сияқты пәндер қайда?» деген еді. Аталған тапсырмаларға сәйкес, Қостанай мемлекеттік педагоги­калық институтында жеке тұлға­ның дамуы аспектілерінің ерек­шеліктерін айқындауға арналған «Акмеология және өзін өзі жетіл­діру» курсы жүргізіледі. «Тарих» мамандығы бойынша білім алатын 1 курс студенттері үшін «Қос­танай облысының тарихы», «Құқық және экономика негіз­дері» мамандықтары үшін «Қа­зақ­стан Республикасының құқы­ғы» атты элективті курстар енгізілді.

Жаңа стратегияда жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорын­дар­да­ғы міндетті өндірістік тәжіри­бені заңнамалық тұрғыдан бекіту тапсырылып отыр. Қостанай мем­лекеттік педагогикалық инс­титутында 2010 жылғы мемле­кет­тік стандарттарға сәйкес сту­денттердің үздіксіз тәжірибеден өтуі көзделген. 1 және 2 курс сту­денттері оқу мекемелерінің әр­түр­лі нысандарында (балабақ­ша, балалар шығармашылығы, кор­­рек­циялық мектептерде, «Қос­та­най дарыны» орталығында, «Ро­весник» педагогикалық отрядында, қосымша білім беру орта­лық­тарында, жалпы білім беретін бар­лық мектептерде, балалар-жас­өспірімдер спорт мек­тепте­рін­де) оқу-тәрбие үдері­сімен танысу, сынып жетекші­сі­нің жұмы­сына ену, жеке адаммен, ұжым­мен психологиялық жұмыс жа­сауға дайындау, психо­логиялық диагностика, психоло­гия­лық мі­нездеме жасауға дағ­ды­лар қа­лып­тастырылады.

Әрі қарай 3 және 4 курс студенттері өндірістік тәжірибе барысында, яғни мектептерде тә­жірибе жүзінде жетекші басшы­лығымен жеке өзі сабақ бере бас­тайды, яғни дайын мұғалім болып шығуға барлық жағдайлар қа­­растырылған. Өндірістік тәжі­ри­бе бағасы студенттің оқу үл­ге­­рі­мі туралы құжаттарға енгізіледі.

Ғұлама Әбу Насыр әл-Фара­­бидің: «Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі бар. Бабамыздың ешқашан өзек­тілігін жоймайтын бұл қанатты сөзі білім ордаларының алдымен адам, сосын маман даярлау мін­детін бүгінгі күні де еселей тү­седі. Өз мамандығын игеріп, мектепке баратын болашақ ұстаздар, халқымыз айтқандай, сегіз қыр­лы, бір сырлы болуы керек. Ұстаз қазіргі заманғы толқыны күшті ақпараттардан хабардар бо­луымен қатар, ол өнерден де, спорттан да құралақан емес, жан-жақты болғанда ғана оқушы алдындағы тұлғасы биіктей түсе­ді. Сонда ғана алдында мөлдіреп отырған баланы білімге, өмірге ынталандыра алады. Бұл орайда Қостанай педагогика институ­тын­дағы ақпараттық-танымдық «Көкжиек», «Саяхат» өлкетану, «Балауса» поэзиялық, «Парасат» дебаттық, КВН, «Әдебиет мүйі­сі» сияқты үйірмелерін айтсам да жеткілікті. Спортқа кеңінен орын берілген.

Дамуы әлемдік деңгейде мо­йындалған кез келген мемле­кет­тің басты байлығы – адам капиталы. Елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін адам, ал әлеуметтік жағдайдың да бар­лығы адам үшін жасалады. Жас­тар тиянақты білім алғанда ғана Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму ырғағының іргетасы берік болады және өзі­мізді ұлт ретінде бекіте түсеміз.

Қуат БАЙМЫРЗАЕВ,

Қостанай мемлекеттік педагогикалық

институтының ректоры, география

ғылымдарының докторы, профессор.

ҚОСТАНАЙ.