• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 03 Тамыз, 2019

«Шұбаркөл көмір» АҚ 170 млн тонна көмір өндірді

968 рет
көрсетілді

«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның кеншілері разрездің негізі қаланғаннан бері 170 млн тонна көмір өндіріп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Айтулы межені «Центральный» разрезіндегі құрамында машинист Ахмадия Ахметов пен оның көмекшісі Николай Затонный бар «ЭКГ-5» экскаватор бригадасы алғашқы болып бағындырды.       Кәсіпорын кеншілері бұл рекордтық көрсеткішті Еуразиялық Топтың (ERG) 25 жылдығына арнады. 

«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның президенті Андрей Сафонов аталған өндірістік жетістікті күллі ұжымның жоспарлы және толыққанды жұмысының нәтижесі деп санайды. Кәсіпорынның былтырғы өндірістік көрсеткіші де өте жоғары болған. Мысалы, 2018 жылдың қорытындысы бойынша шұбаркөлдік кеншілер  11 млн 600 мың тонна көмір өндірді. 

Қазіргі таңда «Шұбаркөл көмір» АҚ инвестициялық бағдарлама аясында өндіріс тиімділігін арттыруға қомақты үлес қосатын тау-кен жабдығы паркін жаңартуды қолға алған. Мысалы, 2019 жылдың бірінші жартысында ғана кәсіпорынның автокөлік паркі 11 ауыр жүк таситын Caterpillar 777E көлігімен және 18 дана қосалқы техникамен толықты. Оның ішінде мобильдік автошеберханалар, автогидрокөтергіштер, су тасығыш, вахталық автобустар бар. Биыл  техникамен қайта қамтамасыз ету ісі аясында пайдалану мерзімі аяқталған екі «ЭКГ-5А» машинасының орнына шөміш көлемі 11 м3 HITACHI EX-1900 экскаваторы жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, темір жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша да ауқымды жұмыс атқарылуда.

Еске салсақ, «Шұбаркөл көмір» АҚ – Қазақстандағы жоғары калориялы және күлділігі төмен көмір өндіруші ірі кәсіпорын. Өндіріс ошағы, сондай-ақ кокс газынан арнайы кокс пен электр энергиясын өндірумен де айналысады. 

 Қарағанды облысы