• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2019

Елордада құрбандық шалатын орындар белгіленді

256 рет
көрсетілді

Биылғы жылы Құрбан айт мейрамы 11 тамызда басталады. Соған орай қалалық әкімдік құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті.Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Байқоңыр ауданында «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш тас жолы, 30 («Көк Базар»-дың артында), Есжанов А. ЖК, «Жайлау», Алаш тас жолы, Ц 313 көшесі, «Шәушен» ШҚ, а/ж«Астана-Павлодар», 9 км, «Темеш», шаруа қожалығы а/ж Нұр-Сұлтан – Софиевка 7 км құрбандық шалуға болады», - деп көрсетті «Әзірет Сұлтан» мешітінің өкілдері.  

Сарыарқа ауданында «Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары), Есіл ауданында «Алтын-Таға» базары Қосшы ауылының алды, ал Алматы ауданында «Метро» СҮ (Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолы) маңында құрбандық шалуға орындар қарастырылды.