Ертең Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұзсарайында биыл 10-шы рет ұйымдастырылып жатқан хоккейден Қазақстан Президенті кубогының жалауы желбірейді.
Биылғы жарысқа қатысуға бес команда өтініш берген. Құрлықтық хоккей лигасына дайындық іспетті турнирде «Барыс» (Нұр-Сұлтан), «Ак Барыс» (Қазан), «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург) және «Салават Юлаев» (Уфа) клубтары бақ сынайды.
2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Президент кубогы бәсекесінде елорданың «Барыс» командасы төрт мәрте топ жарған. Ал Санкт-Петербургтің СКА, Омбының «Авангард», Новокузнецкінің «Металлург», Нижнекамскінің «Нефтехимик» және Хабаровскінің «Амур» клубтары бір реттен жарыс жеңімпазы атанған.