• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2013

Екіжақты ықпалдастыққа екпін берген сапар

271 рет
көрсетілді

Екіжақты ықпалдастыққа екпін берген сапар

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 7:27

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов өзінің германиялық әріптесі, федералды Сыртқы істер министрі Гидо Вестервелленің шақыруы бойынша ресми сапармен ГФР-да болды. Сапар аясында қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы ГФР саяси және іскер топтарының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

 

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 7:27

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов өзінің германиялық әріптесі, федералды Сыртқы істер министрі Гидо Вестервелленің шақыруы бойынша ресми сапармен ГФР-да болды. Сапар аясында қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы ГФР саяси және іскер топтарының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сапар бағдарламасын елі­міз­дің дипломатия ведомствосы басшысының Германия Бун­дес­тагының түрлі партиялық фрак­цияларының өкілдерімен кездесуі ашты. Онда екіжақты қарым-қатынастың маңызды бағыттары талқыланып, халықаралық қа­ты­настардың өзекті мәселелері бо­йынша пікір алмасылды. Гер­­ма­ниялық депутаттар Қазақ­стан­ның Орталық Азиядағы ма­ңызды рөлін атай отырып, Ел­басының «Қазақстан-2050» Стратегиясында жоспарланған ба­сымдықтарға жоғары бағаларын берді.Е.Ыдырысовтың ГФР Ви­­це-канцлері – Экономика және­ технологиялар федералды ми­­­­­­­нистрі Филипп Реслермен ке­­­­ліс­сөздері барысында екі­­жақты сауда-эко­номикалық, ин­вес­ти­циялық және технологиялық ын­ты­мақ­тас­тық жөнінде кеңінен пікір алмасылды. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы ақпан айында Бер­линге жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағ­да­ластықтарды жүзеге асыруға қа­тысты мәселелер талқыға салынды.Федералды Канцлердің Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Кристоф Хойсгенмен әңгіме барысында екіжақты қа­рым-қатынас және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қоз­ғалды. Ауғанстандағы және Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге, лаңкестікпен және экстремизммен күресуге, Еуропадағы дағдарысқа, сонымен қатар, ҚР мен ЕО ара­сындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударылды. Кездесу соңында К.Хойсген ГФР Канцлері Ангела Меркельдің атынан Қа­­зақ­стан басшысына ең жақсы сөздерін сәлеммен жеткізуді сұрады.ҚР-ГФР Стратегиялық ынты­мақтастық жөніндегі іскерлік ке­ңе­сінің төралқа мүшесі, ГФР Эко­номика және технологиялар министрінің орынбасары Вер­нер Рессингпен және Іскерлік кеңестің тең-төрағасы, «Deutsche Bank» банкінің атқарушы директоры Петер Тильспен кездесулер аясында екі елдің арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелері қарастырылды.Қазақстан елшілігінің Гер­ма­ния астанасындағы жаңа ғи­ма­ра­тында өткен кездесуден кейін бір­қатар маңызды екіжақты эко­­но­микалық келісімдерге қол қойылды.Соңғы уақыттары Қазақстан мен Германия арасындағы екі­жақ­ты экономикалық қарым-қа­тынастар үдемелі қарқынмен да­мып келе жатқанын атап өту қажет. 2011 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге жетіп, 6,2 млрд. еуродан асып түсті. Бұл үдеріс өткен жылдың қо­рытындысы бойынша да тіркеледі деп күтілуде. Мәселен, Қазақстан ГФР-ға шикі мұнай жеткізушілер үштігіне кіреді (ОПЕК елдерін есеп­темегенде), ал ҚР мен ГФР ара­сындағы тауар айналымының жал­пы үлесі Германияның барлық Ор­талық Азия және Оңтүстік Кав­­­каз елдерімен сыртқы саудасының 65%-ынан асып түседі.Еліміз Сыртқы істер минис­тр­і­нің Берлин еуразиялық клубының бесінші отырысында сөз сөйлеуі сапардың маңызды бөлігі болды. Оның жұмысына неміс тарапынан көрнекті саяси қайраткерлер мен сарапшылар, іскер топтар мен БАҚ өкілдері қатысты. Еуразиялық қауіпсіздік тақырыбындағы баяндамасында қазақстандық министр біздің еліміздің жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, еуразиялық ин­теграция мәселелеріндегі ұс­­танымдарын жеткізіп, БЕК жұ­­­­­­мысына мұхиттың арғы жа­ғын­­­­дағы және посткеңестік са­рап­шы­лар қоғамдастығын шақыру ар­қылы өзара ықпалдасу диалогын кеңейтуді ұсынды. Іс-шара со­­­­ңында қызу пікір алмасу орын алды.Берлин еуразиялық клубының Президент Н.Назарбаевтың бастамаларын жүзеге асыру аясында ҚР мен ГФР, сондай-ақ ЕО арасындағы қоғамдық-саяси мәселелердің кең ауқымын талқылауға арналған үнқатысу алаңы ретінде құрылғаны белгілі. Клуб Қазақстанның осы ыңғайдағы Еуропадағы алғаш­­қы жобасы болып табылады. Ол жаңа мүмкіндіктерді зерт­теу­­­ге, еуропалық және азия­лық мә­дениеттер арасындағы үн­қа­тысуды нығайтуға бағытталған.Қазақстандық министр сондай-ақ Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Э.Кордеспен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесулер шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мен нығайтудың жай-жапсары, сонымен қатар, Қазақстан басшысының Гер­­­­­ма­нияның экономикалық және тех­­­­нологиялық әлеуетін ескере оты­рып әріптестікті ілгерілету туралы тапсырмасын іске асыру мәселелері талқыланды.Германия астанасындағы сапа­рының соңғы күнінде Е.Ыдырысов ГФР Сыртқы істер федералды министрі Гидо Вестервеллемен келіссөз жүргізіп, саяси, сауда-эко­номикалық және мәдени-гу­ма­нитарлық салалардағы екі­жақ­ты ынтымақтастықтың ба­сым ба­­ғыттары мен қазіргі жағ­да­йын қарастырды. Тараптар ха­лық­аралық бірлестіктер шең­бе­­­рін­дегі өзара ықпалдастық жө­­нін­де пікір алмасып, қазіргі таң­­да­ғы халықаралық қарым-қа­ты­нас­­тардың өзекті мәселелерін қоз­­ғады.Кездесу қорытындысы бойынша ҚР мен ГФР дипломатия ведомстволарының басшылары екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен декларацияға қол қойды.Сапар шеңберінде Е.Ыды­ры­совтың қауіпсіздік мәселелері жө­ніндегі халықаралық кон­фе­рен­цияға қатысқаны мәлім.