Forbes журналы әлем бойынша 2019 жылы ең көп табыс тапқан спортшылардың рейтингін жасады. Спортшылардың бір жыл ішіндегі, яғни 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілде айына дейінгі табысын есептеген.
Рейтингтің көшін америкалық теннисші Серена Уильямс бастап тұр. Оның жылдық табысы – 29,2 миллион АҚШ доллары. Ол 4,2 миллионды халықаралық турнирде жеңіп алса, серіктестік келісімшарт бойынша 25 миллион доллар табыс тапқан. Алғашқы ондықты теннисшілер иеленген. Өзге спорт өкілдерінен жоғары орында америкалық футболшы ару Алекс Морган бар. Ол 5,8 миллион табыспен рейтингте 12-орында тұр.
Үздік ондық келесідей орналасқан. 1. Серена Уильямс (АҚШ) – 29,2 миллион АҚШ доллары (жүлде қоры – 4,2, келісімшарт – 25), 2. Наоми Осака (Жапония) – 24,3 (8,3+16), 3. Анжелик Кербер (Германия) – 11,8 (5,3+6,5), 4. Симона Халеп (Румыния) – 10,2 (6,2+4), 5. Слоун Стивенс (АҚШ) – 9,6 (4,1+5,5), 6. Каролин Возняцки (Дания) – 7,5 (3,5+4), 7. Мария Шарапова (Ресей) – 7 (1+6), 8. Каролина Плишкова (Чехия) – 6,3 (4,6+1,7), 9. Элина Свитолина (Украина) – 6,1 (4,6+1,5), 10. Винус Уильямс (АҚШ) – 5,9 (0,9+ 5), 10. Гарбинье Мугуруса (Испания) – 5,9 (2,4+3,5).