• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Тамыз, 2019

Әлем жұлдыздары Нұр-Сұлтанда кездеседі

193 рет
көрсетілді

Әлем теннисінің жұлдыздары испаниялық Рафаэль Надаль мен сербиялық Новак Джокович Қазақстанға келеді. Олар Нұр-Сұлтанда кездесу өткізеді, деп жазады Olympic.kz.

Спорт жұлдыздары қайырымдылық шарасы аясында матч өткізеді. Кездесу «Барыс Аренада» өтеді деп жоспарлануда. Надаль мен Джокович 24 қазан күні кортқа шығады. Кездесу 19.00-де басталмақ.

Новак Джокович әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ал Надаль екінші орында. Екеуара кездесуде 28:26 есебімен сербиялық теннисші алда келеді.