• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2013

Маңызды қадам

343 рет
көрсетілді

Маңызды қадам

Бейсенбі, 28 ақпан 2013 7:57

Алматыда үстіміздегі жылдың 5-6 сәуірін­де тағы бір келіссөздер раундын өткізу, мә­селелерді шешудің жолын Ыстамбұлда сарапшылар деңгейінде ары қарай талқылау туралы уағдаластықпен аяқталған Алматыдағы Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер тараптардың арасындағы өзара түсіністік пен сенімді бекітіп, мәселені тек қана бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қа­жеттілігіне деген көзқарасты нығайтуда маңыз­ды қадам болды.

Қазақстан келіссөздердің тікелей қа­ты­су­шысы болған жоқ. Дегенмен, еліміз олардың жемісті өткізілуіне барлық қолайлы жағдайды жасады, ал бір күн бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздер үдерістерінің тең төрағалары – Иран Ислам Республикасы Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили мен Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонды қабылдады.

Осы бір күрделі келіссөздер үдерісіндегі тіпті азғантай осындай прогрестің өзі біздің бә­рімізді қуантпай тұра алмайды. Осының өзінің қазақ жерінде, 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығына қол қойған Алматыда мүмкін болғанының ны­шандық мәні бар.

Қанат САУДАБАЕВ,

Қазақстан Президенті жанындағы

Жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі комиссия төрағасы,

«Назарбаев орталығының» директоры.