• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Тамыз, 2019

Электронды платформа – оқушыға да, мұғалімге де ортақ

614 рет
көрсетілді

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының IT кеңесінде Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Андрей Дупик шаһардағы жалпы білім беретін мектептер базасында факультативтер ашылып, сұранысқа ие бағыттар – мобильді қосымшалар, веб-сайттар, ойындар, 3D модельдеу, роботтехника бойынша әрбір оқушы мен мұғалімге қолжетімді электронды платформа жасалатынын жеткізді.

Бұл жүйеде белгілі бір тақырып бойынша бейне- сабақтар, контент, тестілеу жүр­гізіледі. Жоба қаладағы IT-компаниялармен кеңесіп жа­са­лады. Қазір жобаның элек­тронды платформасын құру жұмыстары жүргізілуде. Ал­­ғашқы кезеңде қала мек­теп­терінің 50 пайызын қамту жос­парланып отыр.

Жаңа оқу жылы басталған сәтте Алматы оқушылары толық материалдық-тех­никалық және әдістемелік қамтамасыз етілген IT-сы­ныптар жұмысымен танысады. Ал белгіленген мерзімге дейін бағдарламасы бекітіліп, оқытушылар дайындықтан өтеді.

Республикадағы цифрландыру бағдарламасы аясында әрі  IT-оқыту үдерісіне тар­тылған балалар санын арт­тыруға бағытталған Алма­ты­дағы алғашқы жобаға қа­ла бюд­жетінен қаражат қарас­ты­рылған.

Цифр­­­ландыру бағ­­­­­­­­­­дар­­­­­­ла­ма­сы ая­­сында Жол кар­­тасына сәйкес қа­ла­­дағы №54 мектеп-гимна­зия базасында IT-лицей ашу және Wi-Fi мектептерін 100 пайызға дейін желімен жаб­дықтаумен қатар, ҚБТУ жанындағы инжиниринг және ақпараттық технологиялар институ­ты Алматы қаласы ІІД үшін криминогендік жағ­дай­дың мониторингі жү­йесі әзірленген (бірыңғай орталықта онлайн режімінде криминогендік жағдайдың мониторингі және визуализациясы, заңсыз әрекеттердің алдын алу бойынша шешім қабылдауға көмектесу, өзара байланысты қылмыстар бойынша жиынтық ақпарат ұсы­ну). Құрамына қаланың жетекші инновациялық компаниялары кіретін IT кеңес өткен жылы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының базасында құрылып, саланы дамыту, бизнесті, қаланы цифрландыру және автоматтандыру бағытындағы ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырып келеді.

 

АЛМАТЫ