Қарағанды облысында жаңа оқу жылынан бастап 13 мектепте Назарбаев зияткерлік мектептерінің (НЗМ) тәжірибесін тарату жұмыстары қолға алынады. Ал өткен жылы өңірде аталған мектеп бағдарламасы 39 білім мекемесінде қолданылып, ол өзін жақсы жақсы жағынан көрсете бастаған болатын.
Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Көпбаеваның айтуынша, алдағы уақытта НЗМ бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер саны арта түседі.
– Мұғалімдердің біліктілігі өсті, мектептер жаңа оқу бағдарламаларына көшеді, мұның барлығы жақсы нәтиже бере бастады, дейді Г. Көпбаева.
Жоғарыда айтқандай, 2019-2020 жылғы жаңа оқу жылынан бастап Қарағандыдағы №№33, 85, «Мұрагер» мектептері мен №3 гимназия НЗМ тәжірибесін пайдалана бастайды. Сонымен қатар Балқаштағы №16 мектеп. Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицей, Шахтинск қаласындағы № 11 мектеп, Ақтоғай ауданындағы Сарышаған кентінің мектебі, Бұқар жырау ауданындағы Керней орта мектебі, Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ кентіндегі № 5 мектеп, Жаңаарқа ауданындағы Б. Амалбеков атындағы мектеп, Нұра ауданындағы № 2 қазақ мектебі және Шет ауданындағы Ш. Батталова атындағы орта мектеп жаңа бағдарлама бойынша бала оқытуды бастайды.
Жалпы, Қарағанды облысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасы 52 мектепте пайдаланатын болады.
Қарағанды облысы