• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2019

Петропавлдық оқушы халықаралық саммитке қатысады

337 рет
көрсетілді

«Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы  Әлихан Көшербаев  жасап шығарған арнайы жоба Германиядағы халықаралық саммитте таныстырылмақ.

«ЮНИСЕФ» ұйымы  ауқымды шараны қазан айында өткізуді жоспарлап отыр.

Жасөспірім арнайы инстаграм парақшасын ашып, өз блогында Петропавл  қаласының инфрақұрылымына қатысты  проблемаларды айта келіп, шешу жолдарын қарастырған.  Ол өз ұсынысында шахар ең алдымен балалар үшін барлық жағынан қолайлы болу керек деп есептейді. Бұл орайда қоғамдық  көлік қозғалысына қатысты өзкті мәселелер таңдап алынған.

«Менің оқырмандарымның бірі балалардың құқығын қорғаумен айналысатын «ЮНИСЕФ» ұйымының қазақстандық  байқауына қатысуымды өтінді. Бәлкім, 18 жасқа толмағандардың әлеуметтік проблемасын ашық айтуым оған ұнап қалса керек», дейді Әлихан.

Ол қоғамдық көлік мәселесін жан-жақты зерттеуге жарты айға жуық уақытын жұмсапты. Осы аралықта әлеуметтік сауалнамалар жүргізіп, қала тұрғындарынан автобустардың сапасы мен қызметі жайлы сұрастырған. Кейін өзге шаһарлармен салыстыра отырып, кем-кетік тұстарын анықтаған. Ең бірінші кезекте жол ақысын қайта қарастыру қажет деген тұжырымға келген. Оның ойынша  күнделікті қоғамдық көлік қызметін оқушылар көп  пайдаланады. 15 жасқа толмаған балалар үшін жолақы 40 теңге болса, қалғандары үшін – 80 теңге.  Соңғы баға еш негізіз белгіленген. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес 18-ге дейінгі балалардың құқықтары бірдей, тең. Осы себепті кәмелеттік жасқа толмаған балалардың  барлығы үшін жолақы құны 40 теңгеден аспауы қажет.

Тағы бір мәселе – автобустар бағыттары көрсетілген сызба. Нұр-Сұлтан қаласында мұндай сызба  әрбір аялдамада бар. Өкініше орай бұл  жаңашылдық теріскейге жете қоймапты.  Әлихан өз сызбасын дайындап, әзірге 3 аялдама үшін құрастырыпты.  Онда автобус станциясынан бастап  қоғамдық көліктің қайда баратынына дейін көрсетілген. Жобаны болашақ урбанист  қалалық әкімдік өкілдеріне ұсынбақ ниетте.

Оны қазан айында Германияның Кёлн қаласында өтетін халықаралық саммит тосып тұр.

 

Солтүстік Қазақстан облысы