• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Тамыз, 2019

Таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында екінші медаль қоржынға түсті

226 рет
көрсетілді

Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар екінші медалін жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

44 келі салмақта сынға түскен Айша Әділбекқызы финалға дейін барлық қарсыласын ұтып, ақтық бәсекеде ирандық спортшыға жол берді.  Осылайша, Айша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр.

45 келіде бақ сынаған Сұлтан Байтұрсынов үздік бестік қатарына енді.  Еске сала кетейік, бірінші жарыс күнінді Айдана Сүндетбай қола жүлде жеңіп алған болатын.