• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2019

Алматыда жаңа оқу жылына әзірлік мәселелері талқыланды

264 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз-орталығында жаңа оқу жылына дайындық туралы брифинг өтті.

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова Алматыда 185 мемлекеттік балабақша және 204 мемлекеттік мектептер мен 22 мемлекеттік колледждердің бар екенін айтты.

Жаңа оқу жылында 1-11 сыныптарға 258 мыңнан астам оқушы келеді деп күтілуде. Алдын ала жасалған болжам бойынша бірінші класстықтар контингенті 32 мың оқушыны құрап отыр.

Қазіргі кезде барлық мемлекеттік білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал 2 балабақша мен 9 мектепте және №9 мектеп-интернатта күрделі жөндеумен қатар сейсмикалық күшейту жұмыстары жүруде. 5 мектептегі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін бітеді. ББ 4 мектеп пен интернатта жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының оқу-тәрбие процессіне ықпал етпейтіндігі туралы бұйрық шығарған.

Мектептердің барлық оқушыларына оқу құралдары беріледі. Келісімге сай оқу құралдары білім ұйымдарына 2019 жылдың 20 тамызына дейін жеткізіледі. Алматы қаласында биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі «Жүректен – жүрекке» ұраны бойынша «Мектепке жол» акциясы жүруде. Акция 30 қыркүйекте аяқталады.

Барлық мектептерде ата-аналар үшін акцияның мақсаты мен міндеттері айқындалған ақпараттық стенділер жасалған. Акцияны ұйымдастыру мен өткізу жоспарына сәйкес оқу орындары мен аудан әкімдіктерінде қайырымдылық шаралары, ПД ЖПҚ ювенальды полициясының жергілікті бөлімдерімен бірге рейдтер, ірі сауда орындарында оқушылар жәрмеңкелері өтуде. Шараны ұйымдастыруға бизнес-құрылымдар, аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дайындауға көмек көрсеткісі келетін мейірімді жандар тартылуда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

АЛМАТЫ