Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-бірін Құрбан айт мерекесіменқұттықтап, Қазақстан мен Түркияның стратегиялық ықпалдастығы бірте-бірте нығайып келе жатқанын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.