• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Саясат 13 Тамыз, 2019

Нұртөре Жүсіпті Сенат депутаты болып тағайындалуымен құттықтаймын - Б.Байбек

753 рет
көрсетілді

Бұл туралы Nur Otan партиясының Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек твиттер парақшасында жазды.

«Белгілі журналист, қарымды қаламгер Нұртөре Жүсіпті өзімнің және «Nur Otan» партиясының атынан Сенат депутаты болып тағайындалуымен құттықтаймын! Ол 10 жылдан астам уақыт партияға қарасты «Aiqyn» газетін басқарып, басылымның үздік атануына зор еңбек сіңірді. Тек соңғы бір жылда Н.Жүсіптің қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау еткен 300-ден астам мақаласы жарияланды. Әріптесіміздің Парламент қабырғасында да абыройлы қызмет атқаратынына кәміл сенемін және сол жолда табыс пен сәттілік тілеймін», деп жазды Б.Байбек.