• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Тамыз, 2019

Сенат депутаттары Солтүстік Қазақстанда жұмыс сапарымен жүр

257 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина шалғайдағы Ғабит Мүсірепов ауданына арнайы іс-сапармен келді.

Халық қалаулылары аудандағы маңызды нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Алдымен «KAZMEAL» серіктестігіндегі жұмысшы қауыммен кездесіп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігін көрді.  Мұнда дәнді дақылдардан құрама жем жасалады. Тәуліктік қуаттылығы–1200 тонна. Жылына 360 мың тоннаға дейін өнім дайындай алады. Алдағы уақытта  Аспан асты еліне экспортталатын болады. Кәсіпорынның  басым бөлігі автоматтандырылған. Барлық операцияларды роботтық техника атқарады. 75 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.

Бұдан кейін сенаторлар №2 Новоишим орта мектебінде болып,  күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 700-ге жуық оқушыға шақталған білім ұясын қалпына келтіруге 75 миллион теңге бөлінген. Білім ошағы жанында  көпсалалы  спорт алаңы жұмыс істейді.

Халық қалаулылары мемлекеттік бағдарлама аясында биыл пайдалануға берілетін  50 пәтерлі тұрғын үйге ат басын бұрды. Мұнда көпбалалы аналар, медицина саласының қызметкерлері және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрады.тын болады.

«Жалдамалы-коммуналдық баспана  қолданысқа тапсыруға дайын.  1 шаршы метрінің бағасы– 120 мың теңге», дейді аудандық құрылыс бөлімі  басшысының міндетін атқарушы Асхат Оспанов.

Депутаттар оңтүстіктен қоныс аударушылар үшін салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысымен де танысты. 10 баспана бой көтеріп, ауыз суға дейін тартылған.

«Парламенттің 6-шы кезекті сессиясы өз жұмысын аяқталды. Онда  83 заң жобасы талқыланып, іске қосылды. Біздің мақсатымыз – атқарылған жұмыстар бойынша   есеп беру», деді Сенат депутаты Ерік Сұлтанов ауыл тұрғындарымен кездесуде.

Халық қалаулылары Шал ақын ауданында да болды.

Солтүстік Қазақстан облысы