400 метрге жүгіруден Қазақстан рекордшысы Михаил Литвин кәріқұрлықта өтетін халықаралық екі турнирге қатысады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Литвин алдымен Польшаның Щецина қаласындағы Веслав Маняк мемориалында бақ сынайды. Кейін Люксембургте өтетін халықаралық турнирге қатысады. Екі жарыста да отандық желаяқ 400 метрге жүгіруден сынға түседі. Польшадағы жарыс 15 тамызға, Люксембургтегі турнир 18 тамызға жоспарланған.