Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:20
Елбасымыздың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бүгінде жер-жерде кеңінен талқылануда. Толеранттылықты ту еткен халқымыз дәстүрлі дүниетанымымызға сай қашанда әрбір істің астарынан жақсылықты ниет еткен. Халық даналығы «екі дүниең абат, екі тойың қабат болсын» дейді. Халқымыздың жақсылық пен жасампаздыққа негізделген тарихи істері көбінесе қосарланып келіп жатқан тұстарын, әрине, жақсы ырымға балаймыз. Асылында, бұл Жолдаудың ерекше тұстары басым деп айтуға толық негіз бар.

Елбасының халыққа арналған Жолдауының ХХІ ғасырдағы Тәуелсіздігіміздің 21 жылдық мерейтойымен, Алашорда үкіметінің 95 жылдық мерейтойымен және намысы жығылмаған қазақ жастарының рухани жарылысы – Желтоқсан оқиғасының 26 жылдығымен тұспа-тұс келуі Елбасын өр намысты алашордашылар мен азат рухты желтоқсаншылар рухы жебегендей.Елбасымыздың осы Жолдауында мына жайттар айқындалды, олар: тұңғыш рет мемлекеттік тілдің даму стратегиясы белгіленіп, нақты мерзімдері айтылды, яғни қазақ ұлтының жарқын болашағы бар деген сөз; латын әліпбиіне көшу туралы түрлі ойлардың қорытындысы шығарылып, нақты мерзімі белгіленді, жаһандану кеңістігіндегі қазақ елінің өзіндік орны болады деген сөз; ауыл шаруашылығы еліміздің экономикасындағы басым бағыттар қатарына енді. Бұл ауылдың көтерілуіне, ауылдағы жұмыссыздықты азайтуға, ауылдағы халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей байланысты. Енді осы стратегиялық мақсаттарға жетіп жатсақ, Қазақ елінің Азия континентінің барысына ғана емес, жолбарысына айналарына күмән жоқ.Жолдаудағы тағы бір өте маңызды мәселе – Қазақстанды мекендеген этностардың бірлігі. Елбасы өз Жолдауында жұмсақ қайырған маңыздының маңыздысы «ұлттың ішкі бірлігі, тарихтан сабақ алу керектігі». Егер 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарлама баянды болсын, нәтижелі болсын десек, бірінші кезекте бізге қазіргі қоғамдағы рулық, жүздік, тайпалық санадан арылу қажет. Ол үшін қысқа мерзімде тиісті іс-шаралар атқару қолға алынуы керек. Ол үшін бүкіл республикалық ақсақалдар (ардагерлер) кеңесін құрып, тиісті жұмыстар белгіленуі керек. Бұл – өте маңызды.Қазақ елінің тәуелсіздік тарихында бұл Жолдаудың айырықша орын алатыны ақиқат. Ал ондағы Мемлекет басшысы межелеген мақсаттарға қол жеткізу үшін жоспарланған тапсырманы орындау жауапкершілігі ең алдымен мемлекеттік қызметкерлердің, атқарушы органдардың іскерлігіне сын. Өйткені, Елбасыға жүктелген міндет – жолдау, қарапайым халықтың міндеті – қолдау, мемлекеттік қызметкерлердің міндеті – орындау.Талжан РАЙЫМБЕРДИЕВ,Оңтүстік Қазақстан облысы «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор. ШЫМКЕНТ.