• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Тамыз, 2019

121 тонна қоқыс, 100 шақырымға жуық ау жиналды

312 рет
көрсетілді

Еліміздегі 80-ге жуық су айдыны мен жағалаудан 121 тонна қоқыс және жалпы көлемі 95,3 шақырымды құрайтын синтетикалық тор жиналды. Бұл – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Аулардан таза су айдыны» акциясының бір күндегі нәтижесі. Ауқымды экологиялық шараға 5 мыңнан аса қазақстандық тартылды.

Мұндағы көзделген меже – су ай­дындарын заңсыз балық аулау құрал­дарынан, сондай-ақ басқа да қалдық­тардан тазартып, күннен-күнге ласта­нып бара жатқан өзен-көлдердің мәсе­лесіне қоғам назарын аударту, ел тұр­­ғындарының экологиялық мәде­ниетін қалыптастыру. Ак­цияға еліміз­дің әр өңірінде 5 100-ден аса мемле­кеттік ор­­ган­дардың, қоғамдық ұйым­дардың, эко­логиялық бір­лестіктердің ұжымдары және ерік­тілер қа­тысты.

Министрліктің ақпаратына сәйкес 61 685 гектар ауданды қамтыған өзен-көл­дерді та­зар­ту үшін 431 су көлік тех­никасы және арнайы сүңгуірлер жұмыл­дырылды. Осыған бай­ланысты ведомство бас­шы­сы әлеуметтік желі­дегі ак­каунтында аталған шараға қа­тыс­қан азаматтарға алғысын біл­діріп, бұл іс бір науқанмен аяқталмайтынын жеткізді.

«Сенбілік жасау қазақстан­дықтар үшін дəстүрге айналуда. Бүгін 79 су қоймасынан 95 ша­қырымды құрайтын ау мен 121 тонна қоқыс жиналды. 5000-ға жуық адам бұл күнді таза эко­логияны қалыптастыруға, ба­лықтарды, суда жүзетін құс­тарды құтқаруға, өзендердің та­залығын сақтау жолындағы күреске арнады. Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Аулардан таза су айдыны» акциясы аясында Нұра өзенінен 250 метр заңсыз құрылған синтетикалық ау мен 4 тоннаға жуық тұрмыстық қо­қыс жиналды. Атап өту керек, дәл қазір бүкіл аймақтар бо­йын­ша 79 көл тазалануда. Оған мыңдаған адам қатысып жатыр. Баршаңызға мың алғыс!», деді өз жазбасында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев, тек мамыр айының өзінде елдегі су қоймаларынан 395 ша­қырым қытайлық балық аулау торлары табылғанын айт­ты. Осы олқылықты реттеу үшін министрлік аталған тордың Қазақстанда пайдаланылуына тыйым салған екен.