Қыркүйек айының бел ортасында Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталатыны белгілі.
Айтулы жарыста Қазақстанның еркін күрес шеберлері 10 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ұлттық командамыздың бас бапкері Әсет Серікбаев дүбірлі додада мына балуандарға сенім артқан екен:
57 кило – Нұрислам Санаев
61 кило – Расул Қалиев
65 кило – Дәулет Ниязбеков
70 кило – Нұрқожа Қайпанов
74 кило – Данияр Қайсанов
79 кило – Ғалымжан Өсербаев
86 кило – Әділет Дәулембаев
92 кило – Нұрғали Нұрғайыпұлы
97 кило – Әлішер Ерғали
125 кило – Олег Болтин