• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Тамыз, 2019

Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымды Италияда бастайды

190 рет
көрсетілді

13-15 қыркүйек аралығында Италияның Бергамо қаласында «челленджер» сериясында өтетін Lombardia Trophy турниріне қатысатын спортшылар тізімі толық жарияланды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сынға қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қатысады. Аталған турнир Тұрсынбаеваның биылғы маусымдағы алғашқы жарысы болмақ.  Элизабеттің қарсыластары қатарында әлем және Еуропа чемпионы Елизавета Туктамышева, Софья Самодурова, Анна Щербаковалар бар. 

Айта кетелік, Элизабет Тұрсынбаева биыл Сайтамада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол төрттік сальховты ресми турнирлерде алғаш рет орындаған спортшы ретінде тарихта қалды.