• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Президент 20 Тамыз, 2019

Мемлекет басшысы «Алтын Қыран» компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановты қабылдады

436 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі xабарлады. 

Кездесу барысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сондай-ақ әлемдік және отандық IT саласындағы негізгі трендтер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттің экономикалық саясатындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Исламбек Салжанов Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін бизнестің белсенді атсалысуға әрқашан дайын екенін айтты.