• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Тамыз, 2019

Асқар Мамин жаңа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін таныстырды

507 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа министр Біржан Нұрымбетовты таныстырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Үкімет басшысы Бердібек Сапарбаевқа қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Оның басшылығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша қойған міндеттерін  шешуге қатысты жүйелі жұмысты ұйымдастырды.

Жаңа министрді таныстыру кезінде Асқар Мамин Біржан Нұрымбетовтың әлеуметтік саладағы 20 жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. Түрлі жылдары ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысының орынбасары лауазымында болды. 2017 жылдан бастап ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.