• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда сәби терезеден құлап, мерт болды

314 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим кентінде орын алған.

Қараусыз қалған екі жастағы сәби бес қабатты үйдің терезесінен құлап түскен. Шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының айтуынша,  бейкүні балақай терезеге орнатылған торды итеріп қалған.

  Жыл басынан бері  өңірде  3 бала терезеден құлап, мерт болды.

Солтүстік Қазақстан облысы