• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Тамыз, 2019

Ресей мен Қырғызстаннан контрабандалық тауарлар ұсталуда

313 рет
көрсетілді

Жалпы, көрші елдерден Қазақстанға 1,5 мың тонна тауарларды жалған тұлғаларға әкелмек болды.Тауарларды жабылған компанияларға және тауарлар импортына қатысы жоқ тұлғаларға жиі жолдайды. Ол туралы Экспорттық бақылау басқармасының басшысы Қадыр Исмагулов айтты.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды, Қырғызстан Республикасынан, Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасы аумағына тасымалданатын тауарларға бақылау                  іс-шараларын жүргізу шеңберінде, аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалған импортты  бұлтартпау мақсатында және салық жиындарын толтыру бөлігінде алақол кәсіпкерлермен импортталатын тауарларға қатысы жоқ тұлғаларға тауарларды әкелу, салық төлеуден жалтару схемасын айқындады.

Исмагулов хабарлағандай, 2019 жылдың 1 сәуірінен 2019 жылдың 20 тамызы кезеңінде 184 тауарлар әкелу дерегі анықталды, жалпы салмағы 1 545 тоннадан астам, мемлекетке келтірген зияны 45 млн. теңгеден астамды құрады.

Осы деректер бойынша жүк көлік құралдары, нақты импортерлер анықталғанға дейін меншік тұрақ орындарына орналастырылды. Мамандарылған ауданаралық экономикалық сотқа жіберуге мемлекеттік кірістер органдарымен материалдар дайындалуда.