Көкпекті ауылында халықаралық "Толағай сұлтаны" сайысы басталды. Облыстық Ішкі саясат басқармасы, Жастар ресурстық орталығы мен Көкпекті ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға еліміздің облыстары мен өңірдің аудандарынан, Моңғолиядан ұзын саны 23 жігіт қатысып жатыр.
Жарыс екі күнге созылады деп жоспарланған. Бүгін білекті жігіттер жамбы ату, теңге алу, қол күрес, аударыспақ, қазақ күресі сынды спорт түрлерінен бақ сынаса, ертең қатысушылар білімі мен өнері таразыға салатын болады.Сайыстың ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, Ішкі істер министрінің кеңесшісі Бәделхан Камалханұлы, облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ришад Сағибекұлы мен Көкпекті ауданы әкімі Асхат Смайылов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шығыс Қазақстан облысы