Атырауға келген жас дәрігерлер баспанаға қол жеткізіп әрі миллион теңге қаржы алатын болды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Ақмұрзиева хабарлады.
«Ауылдық жерлердегі медициналық кадрлардың тапшылығын есепке ала отырып, жас дәрігерлерді ынтыландыруды жөн деп таптық. Бұл - басқа өңірлерде бұрыннан бар тәжірибе. Жас мамандар бір миллион теңге көлемінде қаражат алады. Сондай-ақ оларға жергілікті әкімдік баспана береді», - деп мәлімдеді облыстың бас дәрігері.