• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Медицина 25 Тамыз, 2019

Келесі жылы тегін дәрі-дәрмек тізімін екі есеге көбейтеміз - Денсаулық сақтау министрі

466 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов Қарағанды облысына келген жұмыс сапары барысында Абай ауданының Топар кентінде орналасқан Орталық аудандық аурухананының қаншалықты жабдықталғанын тексерді. Бұл туралы министрліктің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Биыл 1964 жылы іргесін қалаған медициналық мекеменің алды, шатыры және қоршау мен пандусқа күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, аула абаттандырылды.  2018 жылы аурухана «Навигация» ақпараттық жүйесін қосты. Сондай-ақ хирургиялық және гинекологиялық ота жасау үшін электрлі коагулятор мен 20 компьютер сатып алынды. Бұл ауруханада республикалық маңызды тас жолында жол-көлік оқиғасына түскен жандарға шұғыл түрде көмек көрсетеді.

Ауруханада 4 хирург қызмет етеді. Мамандар аптасына орташа есеппен 5 жоспарлы ота жасайды. Медициналық мекеме басшылығы Топар кентінде дәрігер тапшылығы жоқ деп мақтанышпен айтты.

«Дәрігерлерге тапшылық сынды мәселе туындаған жоқ. Дәрігерлер еңбек демалысына кеткенде де әрдайым орнын ауыстыратын маман бар» деді аурухана директоры Наталья Белан. 

Е.Біртанов қазір аурухана қызметкерлеріне адамдарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен таныстыруға көп көңіл бөлу керектігін атап өтті. Себебі 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында МӘМС пилоттық жүйесі іске қосылады. 

«Енді кім сақтандыру жүйесіне тіркелгенін, кімнің жоқ екеніне назар аудару керек. Медицина қызметкерлері толыққанды түсіндіруге дайын болулары керек. Дәрігерлер медициналық көмектің базалық пакетіне не кіретінін және қосымша тағы қандай көмек көрсетілетінін білсе екен дейміз. Әзірге пилоттық жүйеде профилактикалық тексеру мен оңалту ғана бар. Келесі жылы тегін дәрі-дәрмектердің тізімін екі еселендіруді жоспарлап отырмыз» деп сөзін қорытындылады Е.Біртанов.