• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Тамыз, 2019

«Сарыарқа» магистралды газ құбырының желісі 2020 жылы толық іске қосылады

355 рет
көрсетілді

«Сарыарқа» газ құбыры желісінің құрылысы 2019 жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Жоба толығымен 2020 жылы іс жүзіне асырылып, газ құбырының же­лісі толық салынып бітеді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы бас­қар­масының төрағасы Ахметжан Есімов «Сарыарқа» магистралдық газ құбыры желісінің салынып жатқан 820-шы шақырымына барған сапарында осы және өзге де мәселелер туралы тілге тиек етті.

Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тікелей тапсырмасы бойынша салынып жатқанын айта кеткен жөн. Көптен бері айтылып жүрген газ желісі Қазақстанның астанасын, елдің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуге арналған.

Жалпы,  Ахметжан Есімов қар­қынды жүргізіліп жатқан құры­лыс объектісіне оң баға берді. Дегенмен, құрылыс орнын­да әлі де пысықтайтын шаруалар бар. Есімов жа­уапты тұлға­ларға құры­лысты бел­гі­ленген уақытта аяқтап, сон­дай-ақ іске қосу-жөн­деу жұмыс­тары­ның өз мерзімінде жүзеге асы­рылуын қамтамасыз ету қажет­тігін атап көр­сетті.

«Қазіргі таңда газ құ­бы­ры құры­лы­сының 75 пайызы аяқталған. Құбырларды жалғау жұмыс­тары Қарағанды мен Ақмола облыс­­тарында жүр­гізілуде. «Қа­з­МұнайГаз» ҰК» АҚ әкім­діктермен бірлесе отырып, құ­рылыстың желілік жағы тәмам­­дал­­ғаннан кейін елді мекендер мен астананы газбен жаб­дық­­тауға кіріседі», дейді Са­ғидолла Мақашев.

Айта кетейік, «Самұрық-Қа­­зы­на» қоры осы ірі жобаны қар­жы­ландыруға қатысып отыр, негізгі мердігер – «Қаз­Құры­­лыс­Сервис» компаниясы, операторы – «Ас­тана Газ ҚМГ» ком­паниясы. «Са­ры­арқа» газ құ­быры «Бейнеу – Бо­зой – Шым­кент» магистралының газ құ­бырынан басталады. Газ құбы­­рының ұзындығы 1061 шақы­рым және бұл 1,7 млн тұрғыны бар 171 елді мекенді қамтымақ.