• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2019

«Касперский зертханасының» заманауи жетістіктері талқыланды

231 рет
көрсетілді

Қазақстан цифрлық қауіпсіздік мәселесінде он бес жыл қатарынан  «Касперский зертханасымен» бірге кибершабуылдарға тойтарыс беріп келеді. Осы жылдар ішінде елімізде де, киберқауіпсіздік индустриясында да көптеген өзгерістер орын алды. Кейбір оқиғалар тек саланы ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен қатар, ақпаратты қорғау мәселесін үйдегі пайдаланушылар, коммерциялық компаниялар, тиісті органдар үшін басты басымдықтардың біріне айналды.

Қазақстан нарығына 2004 жылы шыққан компания зиянкес бағдарламалармен күресті қолға алған. Бұл кезең  мобильдік құрылғыларға арналған алғашқы зиянкес бағдарламалардың көбейген тұсы болатын. Яғни ХXI ғасырдың екінші он жылдығының басында Қазақстанды SMS-трояндықтар шабуылдары басып қалды деуге негіз бар. Opfake и FakeInst сияқты зиянкестер түрлі пайдалы қосымшылардың немесе ойындардың кейіпімен пайдаланушылардың смартфондарына кіріп алып, қысқа премиум-нөмірлерге ақылы SMS-тер жолдап,  өз құрбандарының мобильдік есеп-шоттарын талан-таражға салды. 2010 жылдардың ортасында SMS-трояндықтар эпидемиясы қайта оралады.

Бұл жолы Stealer және Podec зиянкестері «жұлдызға» айналды. Атап айтарлығы, бұлардың соңғысы өз құрбандарының атынан ақылы жазылымдарды рәсімдеп, тіпті, капчи сияқты қорғаныстың базалық механиздерін айналып өтуді үйреніп алған-ды. 2014 жылы, «Касперский зертханасы» Қазақстанда өздерінің күрделі және жақсы жоспарланған кибершпионаж әрекеттерімен танымал Turla және Octopus сияқты екі кибертоптың белсенділігін анықтап, тіркеуге алды. Олардың біріншісі мақсатты фишингтың көмегімен дағдарысқа бейім инфрақұрылым компанияларын, атап айтқанда, ауыз сумен қамтамасыз ету саласына жататындарды шабуылдады. Өз кезегінде, Octopus тобы дипломатиялық ұйымдардың құпия ақпаратына қол жеткізуге тырысты.

«Касперский зертханасының» бас директоры Евгений Касперский «Қазақстан біз үшін маңызды аймақ болып табылады әрі  сондай болып қала береді де. Он бес жыл ішінде көп нәрсені үйреніп, мығым бола түстік. Алдымызда белестердің әлі де аз емес екендігіне сенемін» деп атап өтті.

 

АЛМАТЫ