«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Нұр-Сұлтан 1 – Шу», «Алматы-2 – Новосібір» бағыттарында бірреттік қосымша пойыздардың іске қосылатыны туралы хабарлады.
«31 тамыз күні №220/219 «Нұр-Сұлтан 1 – Шу» бағыты бойынша Нұр-Сұлтан-1 стансасынан сағат 09.55 жөнелтіліп, Шу қаласына сол күні кешкі 20.00 келеді. Кері бағытта Шу стансасынан 21.15 шығып, Нұр-Сұлтан қаласында таңғы 08.50 жетеді.
2-4 қыркүйек күндері №302/301 «Алматы-2 - Новосібір» бағыты бойынша Алматы -2 стансасынан 2 кыркүйек күні сағат 17.13 жөнелтіледі, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 кыркүйек күні сағат 14.31 шығады (жергілікті уақыт)», делінген хабарламада.