• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2019

Триатлоншы Әнел Сытдықова Алматыға келді

359 рет
көрсетілді

Бұдан бұрын мәлім болғанындай, триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут уақытта гидрокостюмсіз жүзіп өткен болатын. Бұғаз суының 15-16 градус салқындықта болатынын ескерсек, Әнелдің бұл әрекетін мамандар ерлікпен пара-пар деп бағалап отыр. «Қазақстанның темір ханшайымы» атағын бірнеше мәрте иемденген триатлоншыны Алматы әуежайында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы қошеметпен қарсы алды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын Францияның солтүстігі мен Британ аралдарының оңтүстік-шығысын жалғап жатқан Ла-Манш бұғазында желбіреткен Әнелдің бұл жеңісі әлемдік деңгейдегі сенсация болды. Жеңіс хабары жеткен күні  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова жүрекжарды лебізін білдіріп, алғыс хатын жолдаған болатын.

Әнел Сытдықованың өмірдерегінен аз-кем мәлімет бере кететін болсақ,  Орал қаласында дүниеге келген спортшы жастайынан спортқа бейім болып өседі. Кейіннен Алматыда жоғары оқу орнын, Кембридж университетін тәмамдады. Әнелді көпшілік Қазақстаннан шыққан Тұңғыш Айронмен (Ironman), Тұңғыш Ультрамен (Ultraman) ретінде таниды. Яғни, ол – суда жүзу, велосипед тебу және жүгіру бойынша марафон қашықтығын бағындырған бірден-бір қазақ спортшысы. Айта кетерлігі, әзірге Әнелдің жалпы ұзындығы 500 шақырымнан асатын Ла-Манш бұғазын бағындыру ерлігін ТМД аумағында ешкім қайталай қойған жоқ. Ол триатлоннан Малайзия, Канада, Швейцария және Нидерланды елдерінде жүлдегер атанды.

АЛМАТЫ