• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2019

Алматыда жоғары сынып оқушылары өз жолын таңдады

356 рет
көрсетілді

«Өз жолыңды тап» -  «Find Your Way» деген атаумен Алматыда жоғары сынып оқушылары, колледждер мен бірінше курс студенттерінің студенттік өмірін барынша тиімді әрі қызықты өткізулеріне ықпал етуді мақсат ететін іс-шара өтті. Бұл шараға 15-18 жас аралығындағы 200 адам қатысып, оннан астам сарапшы олармен жеке және кәсіби өсудің құпияларымен бөлісті.

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының жобалар үйлестірушісі Сергей Леваднийдің айтуынша, іс-шараға алдағы өмірлерінің бірнеше жылдарын қызықты әрі мазмұнды өткізуді қалайтын, онлайн түрде тіркелген 500-ден астам баланың 200-ге жуығы қатысқан. «Біз оларға уақытты қалай тиімді пайдалану керектігін, қандай ресурстарды өзіне көмекке алуға, өз өмірімізді қалай жарқын етуге болатынын айтып бердік. Сондай-ақ, іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде, «Find Your Way» жобасын мектептің соңғы сынып оқушыларына қызықты, өзекті болатын тақырыптарға арнай отырып, алдағы уақытта жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз,- деп атап өтті Сергей Левадний.

Төрт сағатқа созылған кездесу барысында әр қатысушы дәрістер мен интерактивті ойындарды таңдау мүмкіндігіне ие болды. Осы уақыт ішінде балалар алдында Нархоз Университеті,  softskills.kz, HiPo және Flow Kazakhstan, grants.kz білім беру саласында беделді болып табылатын қазақстандық ұйымдар мен компания сарапшылары дәріс оқыды. Soft Skills Qazaqstan жобасының негізін қалаушы Владимир Кущенко жобаға қатысушыларға неге біреулер барлық салада жетістікке жетеді де, ал біреулердің жолы болмайтындығы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ол эмоциялық интеллект тоқталып өткен жұмыс іздеу саласындағы маман Александра Пак (HiPo) өз арманын іздеуде тамаша түйіндемені дайындау жолдарын, сұхбаттасу және жұмыс орнында бейімделу кезіндегі мінез-құлық құпиясымен бөлісті. Студенттермен жұмыс жөніндегі декан Дана Шаяхмет (Нархоз университеті) қатысушыларға ЖОО-да оқуға зиян келтірместен жұмыс тәжірибесін қалай алу керектігін және университетке түсу кезінде қандай мүмкіндіктер пайда болатынын айтып берді. Ал Дана Зиябекова (Education USA) Халықаралық емтихан тапсыруға және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілерге кеңес берді. Сонымен қатар, «Find Your Way» жобасында уақытты жоспарлау, дедлайндарды сақтау, басымдықты орналастыру, жойылатын және талап етілетін мамандықтар, ойлау-дизайны, сондай-ақ факт-чекинг сынды тақырыптар да болды.

 

АЛМАТЫ