• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2019

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының аясында екінші толқыны оқытылуда

306 рет
көрсетілді

«Жас кәсіпкер» жобасының қатысушыларына әлеуметтік желілердің, бизнестің алдында ашатын мүмкіндіктер туралы Facebook және Instagram, SMM-практиктер жөніндегі сарапшы, практикалық интернет-маркетинг мектебінің бас директоры Майгүл Бүргебаева шеберлік дәрісін өткізіп, оған Бостандық, Әуезов және Алмалы аудандарынан 150-ге жуық тыңдаушы қатысты. Тыңдаушылар SMM аясында «Facebook және Instagram арқылы өз тауарлары мен қызметтерін қалай ұсыну керек» тақырыбы аясында көптеген танымдық ақпараттармен алмасып, заманауи кеңістіктің мүмкіндіктерін игерді.

Бостандық ауданының аға жаттықтырушысы Дамир Кутумовтың айтуынша, шеберлік сағатына қатысушылар үшін әлеуметтік желілер тақырыбына дәріс оқыған  кәсіби сарапшы  Майгүл Бүркібаева бизнестің әлеуметтік желілерге әсері, Facebook және Instagram-да қандай форматтар бар, бизнес-беттердің мүмкіндіктері мен оларды жүргізу кезіндегі негізгі қателер, бизнес - профильді қалай дұрыс рәсімдеу керек, әлеуметтік желілерге арналған контенттің түрлері, әлеуметтік желілерде тегін және ақылы әдістер және тағы басқа жолдарын жүргізу туралы ақпараттардың әсері мол болды.

Жарнамада 16 жылдық тәжірибесі бар ол, алты жыл бұрын SMM саласын зерттей бастаған Майгүл Бүргебаеваның айтуынша,  SMM - бизнестің басты тренді. Үш жарым жыл бұрын өз мектебін ашқан сарапшы түлектерінің қатарынан «BAZIS», «BI GROUP», «АДАЛ», «БАХУС» және т.б. компаниялардың өкілдерін кездестіруге болады.

«Бір кездері бізге тұтынушыларды табу өте қиын болған. Қазір олар бізді іздейді. Сіздер енді осы салада алғашқы қадамдарды жасайсыздар, бірақ әлеуметтік желілердегі жұмыстың стартап деңгейінде сізде өте жұмыстар көп болады», - деді Майгүл Бүргебаева. Ал  «Жас кәсіпкер» жобасының екінші лек тыңдаушысы 29 жасар алматылық Айдос Темірғалиев осы  жоба аясында білім алып, болашақта өз ісін ашуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша,  алған білімі бизнесін жоғары деңгейге көтеруге ықпал етеді әрі болашақ бизнесмен ретінде ел экономикасының дамуына өз үлесін қосуды мақсат етеді.

АЛМАТЫ