Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында жазды.
«Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың келісімімен Ғабидолла Оспанқұлов Nur Otan-ның Хатшысы болып тағайындалды. Партияны қайта жандандыру аясында оның білімі мен мол тәжірибесі Nur Otan-ның идеологиялық саясатын күшейтіп, жастармен жұмысқа тың серпін береді деп сенемін» деп жазды Бауыржан Байбек.