• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2019

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

122 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

27 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

27 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ сақталады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең найзағай, бұршақ сақталады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

27 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 күтіледі.

Петропавл қаласында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %