• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2019

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы жұмысын тоқтатты

300 рет
көрсетілді

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы бүгін аталған коалицияның соңғы отырысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«Коалиция құрылғаннан бергі 8 жылдың ішінде »Қазақстан- 2050« даму стратегиясын қолдау үшін еліміздің жетекші қоғамдық күштерін Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік бағытын жақтаушыларды өз жанына топтастырды. Осы жылдардың ішінде коалиция жалпыұлттық  диалогты қамтамасыз етудің және ел дамуының маңызды мәселелері бойынша мәселелері бойынша ортақ мәміле тетігінің құралына айналды», - деді ол.

Оның айтуынша, осы кезеңде 20-дан астам мәжіліс өткізіліп, онда өзін-өзі басқаруды дамыту мен әкімдерді сайлау бойынша реформалар, Еуразиялық экономикалық одағын құру, Қазақстан - 2050  стратегиясының жүзеге асырылу барысы және Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары  кеңінен талқыға түсті.

Отырыс барысында Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы Демократиялық күштердің «Қазақстан 2050» жалпыұлттық коалициясы жұмысының аяқталуы туралы ұсыныс жасады. Коалиция аясында басталған кең қоғамдық  пікірталас Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алаңында жалғасын табатын  болады.