Бүгін Мәжіліс депутаты «Nur Otan» партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев Алматы облысының Ескелді ауылында азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар депутаттан тұрғын үй құжаттарын реттеу, тұрақты жұмыспен қамту және басқа да көптеген тұрғындарды толғандырған мәселелерді көтерді.
Партиялықтар кез келген уақытта тұрғындардың тілегіне ерекше назар аударып, шұғыл сұраныстарға жылдам жауап беруге әзір болуы тиіс. Қазір біз цифрлық заманда өмір сүреміз. Сұраныстар, өтініштер онлайн тіркеледі. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің де жұмысын барынша оңтайландырып, азаматтардың өтініштерін шұғыл шешуге күш салсақ жұмысыз жемісті болады. Алдыма келген азаматтардың әр сұрағына ден қойып, қолымда бар мүмкіндікті аянбастан ұсындым, - деді Омархан Нұртайұлы.
Жалпы Ескелді аудандық филиалының қабылдау бөлмесіне жыл басынан 177 өтініш келіп түссе, олардың 60-ы оң шешімін тапқан. 4 мыңнан астам партия мүшесі, 13 бастауыш партия ұйымы бар. Партиялық бақылау қызметі мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық кеңес жыл басынан оннан астам отырыс өткізіп, мемлекеттік мекемелерге 17 ұсыныс берген.
Мәжіліс депутаты одан әрі Жетісу өңірінің Текелі, Талдықорған қалалары мен Кербұлақ, Балқаш аудандарының жұртшылығымен кездесулері жоспарланған.