• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2019

Алматы аудандарының басшылары жүзеге асқан жұмыстар бойынша есеп беріп жатыр

320 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала аудандарын аралауы барысында тұрғындар тарапынан көптеген түйткілді мәселе көтерілген болатын. Қала басшысының атына негізінен тұрғын үй-коммуналдық салаға, жер қатынастарына, жол-көлік және инженерлік инфрақұрылымға қатысты түскен 70 өтініштің 26-сы қанағаттандырылғаны Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагиннің есеп беруі барысында мәлім болды.

Тікелей тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты 31 мәселе, оның ішінде, инженерлік коммуникация салуға байланысты 13 – сумен жабдықтау және кәрізге;

6 – газбен қамтуға; 4 - электрмен қамтуға арналған сұрақтар да қарастырылуда.

Көтерілген мәселелердің 3-уі балалар алаңын салуды, 2-уі жер қатынастарын жақсартуды өтінген. ПИК-тердің жұмысына, ескі үйлерге,  ашық люктарға қатысты да мәселелер бар. Осы сауалдардың 5-уінің шешімі табылып, Әлмерек ықшам ауданы мен Сүйінбай даңғылы бойындағы үйлерге газ желісі тартылатындығы, 2 балалар алаңдары салынып жатқандығы мәлім болды. Үйлер заңдастырылып, Әлмерек ықшам ауданында газ магистралі қолға алынатын болады. Қайрат, Нұршашқан, Әлмерек ықшам аудандарына су, кәріз, электр желілері тартылады, ҚТҚ тасымалдауда жеңілдіктер көрсетілуде, жер учаскелері бөлініп, ескі үйлер сүрілуде, яғни 10 сұрақ бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Маяк қала  балансында, Қайрат ықшам ауданы сумен қамтылады. Боралдай және Жансүгіров көшелеріне кәріз желісі жүргізіледі, «Вокзал-1» аймағындағы тұрғын үйлерге ыстық су беріледі.

Павел Кулагиннің айтуы бойынша, маңызды сұрақтардың бірі - тұрғын үйлерге газ беру. Әлмерек  ықшам ауданына газ желісі тартылды. Соның арқасында 1100 үй газға қосылды, бұл 5 мың адам деген сөз, яғни тұрғындардың тұрмысы жақсаруда.

Қала әкімдігі Баспасөз қызметінің нақты мәліметтері бойынша, қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесуінде абаттандыруға қатысты 16 сұрақ қойылған болатын, оның  ішінде 6 сұрақ  жолдар мен тротуарларды жөндеуге, 3 көше жарығына, қалғандары ағаштарды кесуге, жол белгілерін, қоюға, жаяу жүргінші жолдарын реттеуге, арық желілерін салуға қатысты болды.

Қоғамдық көлікке қатысты (11 сұрақ) №41 автобустың қозғалыс интервалы қысқарды, №51 автобустың бағыты өзгерді. Спасская көшесінде бекет кешені салынуда, Нұршашқан, Маяк елді мекендерінен қала орталығына қатынайтын көлік бағытын ашу мәселесі  қарастырылуда, №74 бағыттың интервалы қысқаруда.

Бұлардан өзге, әлеуметтік мәселелер, қоғамдық қауіпсіздік оң шешімін табуда.

Түркісб ауданының әкімі биылғы жылдың жеті айы ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы да айтты. Өнеркәсіптік өнімнің физикалық индекс көлемі 104,5%-ды құрады. Өндіріс өнімін шығару өсіп, 101,2 млрд теңгеге жетті. 2018 жылмен салыстырғанда өсім – 118,7% ( 2018 жылдың 7 айы ішінде – 86,2 млрд. теңге болған). Қаладағы үлес – 18,4%.

Негізгі капиталдың инвестициялық көлемі артуда – 35,3 млрд теңге, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 175,3%-ды(2018 жылдың 7 айы ішінде 19,4 млрд теңге болған) құрады. Қаладағы үлес – 8,8%.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 78,2 млрд теңгенің салығы жиналды. Бөлшек сауда көлемі 155 млрд теңге немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,1%  (130 млрд теңге) болды. Көтерме сауда – 481,5 млрд теңге немесе 119%-ке (455,5 млрд теңге) жетті. Қала әкімдігі ұсынған мәліметтер негізінде ауданның бүгінгі деректеріне тоқталатын болсақ, Түрксіб  ауданының аумағы 75 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр.  236 мыңнан астам  тұрғыны бар ауданда 1168 көппәтерлі және 24 678 жеке сектордағы үйлер бар.

7 395 заңды тұлға тіркелген, 477 өндіріс орындары бар (9 ірі, 16 орташа және 452 шағын), бұларда  46 637  адам жұмыс жасайды.

Ауданда білім берудің 135 объектісі (1 жоо, 6 арнайы орташа білім ошақтары, 28 мектеп,100  мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері (22 мемлекеттік, 78 жекеше), 12 денсаулық нысаны (7 емхана мен 5 стационар), 23 діни бірлестіктер, 7 мәдени орталықтар бар.