Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұйымның қазіргі жұмыстарының негізгі бағыттары, соның ішінде биыл қазан айында Бакуде өтетін Түрік Кеңесінің саммитіне дайындық барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер арасында экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға маңызды үлес қосып келе жатқан Кеңес аясындағы өзара ықпалдастыққа Қазақстанның дәстүрлі түрде зор мән беретінін атап өтті.