• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2013

Мақсат – ЭКСПО-2017-ге үлес қосу

303 рет
көрсетілді

Мақсат – ЭКСПО-2017-ге үлес қосу

Сенбі, 16 ақпан 2013 7:49

Қазақстан Ұлттық инже­нер­­лік академиясы Батыс Қа­зақстан облыстық бөлімшесі тұтастай республика бойынша алғанда инженерлік ғылымды дамыту ісіне өз үлестерін қосып келеді. Мұнда тиісті ғылыми жұмыстармен шұғылдануға барлық жағдайлар туғызылған. Бөлімше жанындағы ғылыми-техникалық кеңеске тар өріс­тілік емес, керісінше, жаңаша иннова­ция­лық көзқарастар тән.

Инженерлік ғылым шекара таңдамайды. Осы тұрғыда бөлімше ғалымдары ғылыми жұмыстар мен ізденістерді көршілес ресейлік әріптестерімен тығыз интеграциялық байланыс­та жүргізіп келе жатқаны да құптауға әбден лайықты.

Сондай-ақ, өңірдегі индус­трия­лық-инновациялық жобаларды іске асыруға да жергілікті инженер-ғалымдар қосқан үлес қомақты. Мұнда ғылыми жа­ңа­лықтар мен жаңа технологияларды өндіріске енгізуден алынған пайда мен тиімділік өте жоғары. Бұған КазИИТу ғылым-білім кешенінің президенті, Ұлттық инженерлік академияның ака­де­мигі Ақсерік Әйтімов бастамашы болып келеді.

Айталық, өңірде өткен жылы ғылыми-техникалық саланы дамытуға 700 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Жоғарыда айтылғандай, оның дені өндіріс пен өнеркәсіптік кәсіпорындарға инновациялық үдерістерді енгізуге бағытталған. Бүгінгі күні өңірдегі инженер ғалымдар таяу және алыс шетелдердегі әріптестерімен байланыстарды жаңа сапалық деңгейге көтеріп отыр.

Орал өңірінде өткізіліп жүрген ғылыми-техникалық кеңестің жұмысына олардың қатысып өзара ой-пікір алмасуы тұрақты сипат алып келеді. Ұлттық-инженерлік академия бөлімшесі ұйымдастырған соңғы мәжілістердегі басты әңгіме арқауы  ЭКСПО-2017 көрмесіне озық инженерлік ғылыми ұсыныстар әзірлеу қажеттілігін туындатты. Бұған мәжіліске қатысқан шетелдік ғалымдар да қызығушылық пен мүдделілік танытты.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

ОРАЛ.