Ел тәуелсіздік алған 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапты. Бұл айтулы оқиға жерімізге сансыз қайғы-қасірет әкелген ядролық жарылыстарды тоқтатып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасын бейбіт өмір сүйгіш ел ретінде әлемге әйгілі етті.
Семейде өткен «Бейбітшілік акциясына» 7 мың адам қатысты. «Хиросима-Семей» қоғамының мүшесі, құрметті қонақ, опера әншісі Река Мичида қазақ тілінде «Заман-ай» әнін шырқады.
Бұдан кейін облыстық ішкі саясат басқарамасының басшысы Ирина Смит, қала әкімі Ермак Сәлімов, «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжаловтар «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір сәт еске алды. Қала әкімі Ермак Сәлімов облыс басшысы Даниал Ахметовтың құттықтау сөзін оқыды. Бұдан кейін Жапониядан келген құрметті қонақ «Хиросима-Семей» қоғамының хатшысы Чиеко Кабатаки қазақ еліне жылы лебізін білдірді.
Акция барысында Абайдың мемлекеттік қорық музейі, Семейдегі облыстық тарихи өлкетану музейі және тағы басқа ұжымдар Семей полигоны тарихына арналған көрмелер ұйымдастырды.
Семей