• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Президент 31 Тамыз, 2019

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

478 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке жолдаған құттықтау жеделхатында Өзбекстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор жетістіктерін және көпғасырлық достық пен ортақ тарихқа негізделген қазақ-өзбек диалогының қарқынды дамуын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстардың жемісті сипатына ерекше мән беріп, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары боларына сенім білдірді.

«Біздің бірлескен жұмысымыз бауырлас елдеріміздің көпқырлы стратегиялық серіктестігін одан әрі кеңейтуге кепіл болады деп сенемін», – делінген жеделхатта.