• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Президент 31 Тамыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы мерейтойымен құттықтады

183 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың 65 жасқа толуына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Беларусь елінің басшысына мемлекет құру ісі және ЕАЭО аясындағы ықпалдастықты дамытудағы айрықша еңбегін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға зор денсаулық, амандық және бауырлас Беларусь халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.