Бұрын хабарлағандай, Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлеріне ала таяқты қайтару туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Баспасөз қызметі.
Осы жұмыс шеңберінде жұртшылықтың, жүргізушілер одағы мен көлік иелерінің пікірлеріне талдау жүргізілді, олар түнгі уақыттарда және жол нашар көрінетін кездері, әсіресе:
- жол-көлік оқиғалары кезінде көлік құралдарын жолдан алу және кептелістерде, сондай-ақ жол-жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына өзгерту кезінде;
- бағдаршамдар істен шыққанда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда және олардың салдарларының алдын алу кезінде жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқтарды қайтару мақсатқа сай деп есептейді.
Жұртшылық реттеушінің нұсқаулары жол қозғалысына қатысушыларға тиімді және полиция қызметкрелерінің қауіпсіздігін арттырады деп атап өтті.
Сонымен бірге ІІМ жол қозғалысы тәртібін бұзу фактілерін анықтаған кезде қолданыстағы тәртіп, яғни нұсқау қол арқылы беріледі немесе арнайы жарық-дыбыс сигналдары және дауыстағыш қондырғы арқылы беріледі, бұл ретте ала таяқ қолданылмайды.
Ала таяқтарды қайтару процедурасы заңнамалық өзгерістер мен оларды сатып алуға бюджеттік шығындарды қажет етпейді.
Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап ала таяқтарды енгізу жоспарлануда.