Вице-премьер Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов Елбасының тапсырмасы бойынша қалада салынып жатқан жаңа Онкологиялық орталықтың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі.
«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдалануды тапсырған болатын. Жобаға сәйкес медициналық мекеме 6 қабаттан тұрады. Онда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін озық технологиялар пайдаланылатын болады», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ақпаратында.
Сондай-ақ Б. Сапарбаев пен А. Көлгінов елордалық №87 мектептің оқу жылына дайындығымен танысып, Азия елдері жазушыларының І Халықаралық форумының ашылуында жазушылардың аты берілетін аллеяға барды.